Имажанов Бахытжан Гылымбекович

Бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары

Функционалдық міндеттері:

IT пайдалану, SAP сүйемелдеу, өнеркәсіптік автоматтандыру бөлімшелерінен тұратын Серіктестіктің өндірістік блогының қызметін басқарады. Серіктестікте өндірісті ұйымдастыру мен дамытуға байланысты бағыттарды дайындауды, жоспарлауды және іске асыруды жүзеге асырады және үйлестіреді, Серіктестіктің өндірістік блогының өндірістік және басқару процестерін оңтайландыру жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етеді. Үздіксіз өндіріс процесін және өнімнің тұрақты өндірісін, соның ішінде IT сервистерінің үздіксіз жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Серіктестіктің ғылыми-техникалық дамуының басымдықтарын айқындайды және ғылым мен инновация мәселелерін үйлестіреді. Жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшелердің өндірістік және жөндеу-шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу жөніндегі Тендерлік комиссияның төрағасы болып табылады

Қазақстан Республикасының азаматы. 1988 жылы туған.

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін Ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша бітірген (2009 жыл). С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша техника ғылымдарының магистрі. (2016 жыл)

Еңбек жолын 2009 жылы «Kulan oil» ЖШС-да байланыс инженері - жүйелік әкімші лауазымында бастады. 2013 жылдан бастап «Елорда Даму» ЖШС-да бас маман қызметін атқарды. 2013 жылы Б.Г. Имажанов ЖК-да жұмыс істеді. 2014 жылдан бастап 2017 жылға дейін «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-да IT қызметінің менеджері, IT қызметінің консультанты, ақпараттық технологиялар қызметінің бас менеджері лауазымдарында жұмыс істеді. 2018 жылдан бастап «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ директорының м.а. - цифрландыру және АТ сәулет департаментінің бас менеджері, АТ қолдау департаментінің АТ жобалар бөлімінің бастығы, цифрлық трансформация департаментінің директоры, IT департаментінің ІТ дамыту бөлімінің бас сарапшысы болып жұмыс істеді.

«KAP Technology» ЖШС Байқау кеңесінің 2022 жылғы 12 шілдедегі шешімі № 7/22 хаттама негізінде 2022 жылғы 18 шілдеден бастап «KAP Technology» ЖШС Бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындалды.

Қоса атқару бойынша жұмысы жоқ.