Тұрақты даму
«KAP Technology» ЖШС — әлеуметтік бағыты айқын компания. Басты құндылығы – адамдар мен олардың амандығы.
Компания тұрақты даму тәжірибесін дамыту мен жетілдіру ұзақ мерзімді тұрақтылықты, бәсекеге қабілеттілікті және барлық мүдделі тараптар үшін қосымша құндылықты қалыптастыру мүмкіндігін қамтамасыз ететін шешуші фактор екенін түсінеді.
Экономикалық жетістіктер, жоғары әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік шаралары тұрақты дамудың қажетті құрамдас бөліктері болып табылады. Компанияның тұрақты даму саласындағы тұжырымдамасы Қазақстан Республикасының заңнамасына, «KAP Technology» ЖШС Жарғысына, Даму стратегиясына, сондай-ақ басқа да ішкі құжаттарға сәйкес әзірленді.
Әлеуметтік жауапты компания ретіндегі позициясын нығайту және орта мерзімді перспективада әлеуметтік-экономикалық даму міндеттерін шешу мақсатында корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саласында 2017 жылы «KAP Technology» ЖШС-ның 2018-2020 жылдарға арналған Тұрақты даму бағдарламасы әзірленіп, бекітілді, кейіннен Бақылаушы кеңестің 2020 жылғы 3 қыркүйектегі шешімімен (6/20 хаттама) «KAP Technology» ЖШС-ның 2021-2023 жылдарға арналған Тұрақты даму бағдарламасы бекітілді.
Компанияның әлеуметтік қызметінің басым бағыттары – әлеуметтік бағдарламаларды, білім мен ғылым, денсаулық сақтау мен мәдениетті қолдау, салауатты өмір салтын насихаттау, қызметкерлердің кәсіби деңгейін жоғарылату және еңбек жағдайын жақсарту, өндірісте еңбекті қорғау мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоршаған ортаны сақтауды жүзеге асыру.