Денсаулық

Денсаулық

«KAP Technology» ЖШС, өндірістік міндеттерін орындай отырып, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі қағидаттарын берік ұстанады. Компания өз қызметкерлерінің денсаулығына ерекше назар аударады. Қызметкерлердің әлеуметтік пакетіне толық медициналық сақтандыру, сауықтыруға арналған жәрдемақы кіреді.

Қызметкерлерді сапалы медициналық қызметтермен (амбулаториялық-емханалық көмек, шұғыл, жоспарлы және емдік көрсеткіштер бойынша стационарлық емдеу, отбасылық дәрігердің қызметі, стоматолог қызметі, дәрілік препараттарды алу және т.б.) қамтамасыз ету үшін ерікті медициналық сақтандыру шарты жасалды, бұл Серіктестіктің қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының барлық аумағында медициналық қызметтерді алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жыл сайын барлық қызметкерлер профилактикалық медициналық тексерулерден өтеді, бұл ауруларды ерте сатысында анықтауға, пациентті есепке алуға және қажетті емдеу курсын жүргізуге мүмкіндік береді.