Білім

Білім

 «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ кәсіпорындары тобының кадрлық саясатының маңызды бағытының бірі – қызметкерлерді дамыту мен оқыту. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ кәсіпорындары тобында қызметкерлерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру үдерістері жүйелендірілген.

Кадрларды даярлау, қайта даярлау

Біздің Компания қызметкерлердің кәсіпқойлығына мүдделі, осыған байланысты басшылық тұрақты негізде мастер-класстар, тренингтер мен тимбилдингтер ұйымдастырады. Мұның бәрі адамның кәсіби деңгейін көтеруге ғана емес, оны ынталандыруға да көмектеседі.

2019 жылы біздің компанияның бес қызметкері Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде өздерінің магистрлік диссертацияларын сәтті қорғап шықты. Қызметкерлер  компания қаражаты есебінен "Ақпараттық жүйелер", атап айтқанда "Big Data", "Machine Learning" мамандықтары бойынша білім алды.

Біліктілікті арттыру

Қызметкерлерді кешенді бағалау жүйесін «KAP Technology» ЖШС-да енгізгеннен бастап қызметкерлердің біліктілігін арттыру және оларды оқытуды жоспарлау жүйесі жетілдірілді. Бұл қызметкердің оқуға бағытталғанын, сондай-ақ қызметкердің бекітілген жеке даму жоспарына сәйкес оның мақсатты дамуын білдіреді. Оқыту әдісін, түрлерін таңдап алу қызметкердің қызметі мен әлеуетін анықтау мақсатында өткізілген бағалау нәтижелері бойынша жүзеге асырылады. Бұл оның басқарушылық, корпоративтік және кәсіби құзыреттерін бағалау негізінде жасалады.

Таланттарды басқару

Бүгінде «KAP Technology» ЖШС-да жоғары әлеуеті бар қызметкерлерді анықтауға, оларды белгіленген кезең ішінде барынша жоғары даму деңгейіне жеткенге дейін одан әрі дамытуға, сондай-ақ «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ мен оның кәсіпорындары қызметкерлерінің негізгі лауазымдар бойынша сабақтастығын жоспарлауды ұйымдастыруға бағытталған таланттарды басқару жөніндегі процесс сәтті енгізілді. Процесс анықталған таланттарды «Менеджмент пул», «Функционалдық пул» пулдарына бөлуді қамтиды. Әр пул үшін Таланттарды дамыту бағдарламасы және оның өту мерзімі қарастырылған.

Білім мен тәжірибе

Бірегей білім мен үздік тәжірибелерді, оның ішінде қызметкерлердің құзыреттерін, дағдылары мен білімдерін жетілдіру үшін «KAP Technology» ЖШС-да кәсіпорын қызметкерлері болып табылатын ішкі бапкерлердің күшімен шеберлік сабақтары өткізіледі. Кейін олар «еКАР» ақпараттық жүйесіне жүктеледі және ол сабақтармен қызметкерлер кез-келген уақытта таныса алады.