«KAP Technology» ЖШС-ның миссиясы - қазақстандық және халықаралық озық тәжірибе мен бірыңғай корпоративтік әдіснамалар мен саясаттарды пайдалану есебінен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ компаниялар тобы үшін қосалқы функциялардың тиімділігін арттыру.
«KAP Technology» ЖШС «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның стратегиялық мақсаттарына сәйкес жұмыс жасайды. Компания көмекші функциялардың өзіндік құнын төмендету мен процестерді автоматтандыруға басты назар аударады. «KAP Technology» ЖШС-ның стратегиялық даму басымдығы киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ холдингінің негізгі қызметін автоматтандыру, роботтандыру және цифрландыру болып табылады.