Омбудсменнің негізгі функционалдық міндеттері:
- Омбудсменнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қызметкерлерден келіп түскен өтінімдерді, өтініштер мен хаттарды қарау
- Жанжалдарды/дауларды реттеу бойынша дауға, жанжалға немесе проблемалық жағдайға қатысатын тұлғаларға ұсыныстар әзірлеу
- «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ органдары мен лауазымды тұлғаларын корпоративтік әдеп саласындағы анықталған бұзушылықтар туралы хабардар ету
- Әдеп және комплаенс кодексінің талаптарына байланысты мәселелер бойынша қызметкерлерге түсініктеме беру
- Проблемалық әлеуметтік-еңбек мәселелерін шешуге, қызметкерлердің іскерлік әдеп қағидаттарын сақтауына жәрдемдесу
- Өтініш білдірген қызметкерлерге кеңес беру және оларға ҚР заңнамасының нормаларын сақтауды ескере отырып шешім әзірлеуге жәрдем көрсету
Барлық өтініштер ҚҰПИЯ болады.