Өндірістік қауіпсіздік
Компания өзінің өндірістік қызметін жүргізу кезінде жұмысшыларға қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау және ұстап тұру және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мүдделі тараптар алдында көтеретін бүкіл жауапкершілікті жете түсінеді, жарақаттанудың "нөлдік деңгейіне" қол жеткізу және өндірістегі жазатайым оқиғалар мен авариялық жағдайлардың алдын алу үшін барлық күш-жігерін жұмсайды.
Компания Қазақстан Республикасының барлық қолданыстағы заңнамаларын қатаң сақтайды, сондай-ақ, еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы озық халықаралық тәжірибелерден тұратын қауіпсіздікке қатысты кешенді ұстанымды жүзеге асырып отыр.
Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығының (International Social Security Association (ISSA)) қауіпсіздік деңгейін, денсаулықты және еңбек жағдайларын жақсарту жөніндегі бастамасын қолдау шеңберінде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ «нөлдік жарақаттану» деңгейіне жетуге деген ұмтылысын айғақтап, Vision Zero халықаралық бағдарламасының қатысушысы ретінде тіркелді.
Компания барлық деңгейдегі қызметкерлер мен басшылардың қауіпсіздік мәдениетін жетілдіру және өнеркәсіптік қауіпсіздіктің талаптарын саналы түрде сақтау деңгейін арттыру бағытында жұмыс жүргізіп келеді.
Компания барлық деңгейдегі қызметкерлер мен басшылардың еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласындағы білім деңгейін үнемі арттырып отырады, сондай-ақ, өндірістік қауіпсіздікпен байланысты барлық істерде ашық және айқын көзқарасты ұстанады.
Бұдан басқа, Компанияда Қазатомөнеркәсіп әзірлеген қоршаған ортаны қорғау саласындағы бірқатар негізгі тиімділік көрсеткіштері (НТК) енгізілген, Серіктестік осы көрсеткіштерге жетуге ұмтылатын болады. Аталған көрсеткіштер, соның ішінде өнеркәсіптік қалдықтардың түзілу көлеміне, қалдықтардың шығарындылары мен көмілуіне қатысты белгіленген.
Компанияда дәстүрлі түрде жыл сайынғы негізде қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар жүргізіледі, мысалы, ағаш көшеттерін күту мақсатында суару жүйесін енгізу және жұмысқа жарамды күйде ұстау, қоршаған ортаны қорғау күніне орайластырылған қызметкерлердің балалары арасында сурет байқауларын, компания қызметі жүзеге асырылатын кеніштер мен кенттердің аумақтарында сенбіліктер ұйымдастыру.