Өнеркәсіп автоматизациясы

     Өнеркәсіп автоматизациясы бойынша бөлімше (Өскемен қ.)

     Қызметінің негзгі бағыттары:

  • ғылыми-техникалық, технологиялық және тәжірибелік-өнеркәсіптік зерттеулер және ҚР атомдық өнеркәсіп және тау-металлургия кешені кәсіпорындарының жұмыстары;
  • саладағы зерттеулер, сараптау қызметтері және талдау:
  • ураны бар материалдарды  және сирек жерлік металлдар негізіндегі өнімдерді, кремний мен кварцты барлау, шығару, қайта өңдеу және өндіру;
  • радиоактивті және улағыш шығындармен қоса техногендік шығындарды қауіпсіз пайдалану (басқару, қайта өңдеу және көму);
  • ТПБАЖ жасау, жетілдіру және дамыту, автоматтандырылған технологиялық жабдықтарды  жасау.

     Бөлімшенің негізгі міндеттері болып табылады:

  • уран өндіретін және сирек металды қайта өңдеу өндірістері үшін ҒЗТКЖ, тәжірибелік-өнеркәсіптік сынаулар, анықтау және жаңа техникалық-технологиялық шешімдерді енгізу;
  • РМ и РЗЭ негізінде жаңа материалдарды, технологияларды зерттеу және әзірлеу,   жоғары технологиялық өнімдер мен бұйымдардың тәжірибелік-өнеркәсіптік учаскелерін құру – қолданыстағы және құрылып жатқан өндірістердің  ТПБАЖ жобалау және енгізу, бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу, автоматтандыру жүйелерін қолданысқа енгізу бойынша консультативтік және практикалық көмек көрсету;
  • стандарттандырылмаған өлшеу, бақылау және дабыл құралдарын әзірлеу;
  • автоматтандырылған технологиялық жабдықтарды әзірлеу;
  • бұрғылау ұңғымаларын зерттеуге арналған геофизикалық аппаратураларды әзірлеу: инклинометрлер, каверномерлер, гамма және электрлік каротаж құралдары, ұңғымалық термометрлер, индуктивтік каротаж құралдары, каротаждық регистраторлар;
  • технологиялық ерітінділерге арналған жоғары жемірілуге берік танталдық электродтармен шығын өлшегіштер әзірлеу және дайындау.
  • ЖШС әзірленген құралдар мен жабдықтарды дайындау, монтаждау және жөндеу;
  • технологиялық түйіндерді дайындау, жөндеу, енгізу: сілтісіздендіргіш ерітінділерді дайындау (УПВР), сілтісіздендіргіш ерітінділерді бөлу (УРВР), өнімді ерітінділерді қабылдау (УППР). 

     Шағын сериялық өндіріс өлшеу және бақылау құралдарын шығарады:

  • Сұйықтықты шығын өлшегіш-есептегіш (дәлдік класы 1%) "Куб-5»;
  • Инклинометр ұңғымалы электронды СИЭЛ-58, СИЭЛ-40;
  • Каверномер ұңғымалы басқарылатын СКУ-58;
  • Деңгей сигнализаторы СУ-100…СУ115; 

сондай-ақ эксперименттік зерттеулерге арналған арнайы жабдықтар.

     Меншікті өндірістік базаның және жоғары білікті мамандардың болуы жұмыстың толыққанды орындалуына мүмкіндік береді (жобаның әзірлеуден бастап кейін инжинирингтік қызметтерді көрсетумен өндірісте оны енгізуге дейін).