Серiктестiкте тiкелей байқау кеңесiне бағынатын, Серiктестiкте тәуекелдердi басқару, iшкi бақылау және қызметтiң үздiксiздiгiн басқару жүйелерiнiң жұмыс iстеуiн ұйымдастыруды қамтамасыз ететiн, Қазақстан Республикасының заңдарына, Серiктестiктiң құрылтай құжаттары мен iшкi құжаттарына сәйкес функцияларды орындайтын Тәуекелдер жөнiндегi офицер жұмыс iстейдi.
Тәуекелдер жөніндегі офицердің міндеттері:
- Серіктестіктің тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
- Серіктестік қызметінің үздіксіздігін басқару жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
- Серіктестіктің тәуекелдері мен олармен байланысты шығындарының алдын алу және азайту; Серіктестік қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және Серіктестікке деген сенімді нығайту;
- Серіктестіктің атқарушы органына тәуекелдерді басқаруға жәрдемдесу.
Тәуекелдерді басқару жүйесі
Серіктестіктің корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру аясында тәуекелдерді басқару жүйесі (ТБЖ) енгізілді.
Тәуекелдерді басқару ТБЖ жөніндегі Серіктестіктің бекітілген ішкі құжаттарының негізінде, сондай-ақ Жалғыз қатысушы мен «Самұрық-Қазына» АҚ тәуекелдерді басқару жөніндегі нормативтік құжаттарына сәйкес жүргізіледі.
Тәуекелдерді дәл және уақытында анықтау, бағалау, мониторинг жүргізу және оларға ден қою басқарудың барлық деңгейлерінде тиімді шешім қабылдауға және Серіктестік қызметінің стратегиялық мақсаттары мен түйінді көрсеткіштеріне қол жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Ішкі бақылау жүйесі
Серіктестікте ішкі бақылау жүйесін ұйымдастыру процестік тәуекелдерге жылдам ден қоюға, негізгі және қосалқы процестер мен күнделікті операцияларды бақылауды жүзеге асыруға қабілетті басқару жүйесін құруды көздейді.
Серіктестіктегі ішкі бақылау қаржылық және басқарушылық есептілікті қалыптастыруды, заңнама мен ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын сақтауды, сондай-ақ операциялық қызмет шеңберіндегі процестердің нәтижелілігін арттыруды қоса алғанда, қызметтің үш негізгі саласы бойынша тәуекелдерді алдын алуға бағытталған.