Өнеркәсіп автоматизациясы бойынша бөлімше (Өскемен қ.)
Қызметінің негзгі бағыттары:
- ғылыми-техникалық, технологиялық және тәжірибелік-өнеркәсіптік зерттеулер және ҚР атомдық өнеркәсіп және тау-металлургия кешені кәсіпорындарының жұмыстары;
- саладағы зерттеулер, сараптау қызметтері және талдау:
- ураны бар материалдарды және сирек жерлік металлдар негізіндегі өнімдерді, кремний мен кварцты барлау, шығару, қайта өңдеу және өндіру;
- радиоактивті және улағыш шығындармен қоса техногендік шығындарды қауіпсіз пайдалану (басқару, қайта өңдеу және көму);
- ТПБАЖ жасау, жетілдіру және дамыту, автоматтандырылған технологиялық жабдықтарды жасау.
Бөлімшенің негізгі міндеттері болып табылады:
- уран өндіретін және сирек металды қайта өңдеу өндірістері үшін ҒЗТКЖ, тәжірибелік-өнеркәсіптік сынаулар, анықтау және жаңа техникалық-технологиялық шешімдерді енгізу;
- РМ и РЗЭ негізінде жаңа материалдарды, технологияларды зерттеу және әзірлеу, жоғары технологиялық өнімдер мен бұйымдардың тәжірибелік-өнеркәсіптік учаскелерін құру – қолданыстағы және құрылып жатқан өндірістердің ТПБАЖ жобалау және енгізу, бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу, автоматтандыру жүйелерін қолданысқа енгізу бойынша консультативтік және практикалық көмек көрсету;
- стандарттандырылмаған өлшеу, бақылау және дабыл құралдарын әзірлеу;
- автоматтандырылған технологиялық жабдықтарды әзірлеу;
- бұрғылау ұңғымаларын зерттеуге арналған геофизикалық аппаратураларды әзірлеу: инклинометрлер, каверномерлер, гамма және электрлік каротаж құралдары, ұңғымалық термометрлер, индуктивтік каротаж құралдары, каротаждық регистраторлар;
- технологиялық ерітінділерге арналған жоғары жемірілуге берік танталдық электродтармен шығын өлшегіштер әзірлеу және дайындау.
- ЖШС әзірленген құралдар мен жабдықтарды дайындау, монтаждау және жөндеу;
- технологиялық түйіндерді дайындау, жөндеу, енгізу: сілтісіздендіргіш ерітінділерді дайындау (УПВР), сілтісіздендіргіш ерітінділерді бөлу (УРВР), өнімді ерітінділерді қабылдау (УППР).
Шағын сериялық өндіріс өлшеу және бақылау құралдарын шығарады:
- Сұйықтықты шығын өлшегіш-есептегіш (дәлдік класы 1%) "Куб-5»;
- Инклинометр ұңғымалы электронды СИЭЛ-58, СИЭЛ-40;
- Каверномер ұңғымалы басқарылатын СКУ-58;
- Деңгей сигнализаторы СУ-100…СУ115;
сондай-ақ эксперименттік зерттеулерге арналған арнайы жабдықтар.
Меншікті өндірістік базаның және жоғары білікті мамандардың болуы жұмыстың толыққанды орындалуына мүмкіндік береді (жобаның әзірлеуден бастап кейін инжинирингтік қызметтерді көрсетумен өндірісте оны енгізуге дейін).