Байқау кеңесінің төрағасы
Қазақстан Республикасының азаматы. 1985 жылы туылған.
2007 жылы – Қазақ спорт және туризм академиясын «Дене шынықтыру мұғалімі және күрес бойынша жаттықтырушы» мамандығы бойынша бітірді, Алматы қаласы.
2010 жылы – М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын «Есеп және аудит бакалавры» мамандығы бойынша бітірді, Алматы қаласы.
2019 жылы – Президент жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік басқару академиясын «Іскерлік басқару магистрі MBA» мамандығы бойынша бітірді, Мәскеу қаласы.
Еңбек жолын 2010 жылы «Самұрық-Қазына» корпоративтік университеті» жеке мекемесінде Сатып алуды ұйымдастыру департаментінің менеджері болып бастаған.
2010 жылғы шілдеден 2013 жылдың қаңтарына дейін «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС-да Сатып алуды бақылау және талдау департаментінің бас менеджері болып жұмыс істеді.
2013 жылдың ақпанынан 2015 жылдың тамызына дейін «Самұрық-Қазына» АҚ Сатып алу әдіснамасы және мониторингі департаментінің менеджері болып жұмыс істеді.
2015 жылдың тамызынан 2019 жылдың ақпанына дейін «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС Сатып алулардағы баға мониторингі және маркетингі департаментінің директоры және Сауда департаментінің директоры болып жұмыс істеді.
2019 жылдың ақпанынан 2021 жылдың сәуіріне дейін «Самұрық-Энерго» АҚ-да жабдықтау жөніндегі басқарушы директоры (СЕО-1) және басқарма төрағасының кеңесшісі лауазымдарында жұмыс істеді.
2022 жылдың қаңтарынан 2022 жылдың шілдесіне дейін «Кедентранссервис» АҚ Сатып алу және жабдықтау департаментінің директоры болып жұмыс істеді.
2022 жылдың шілдесінен 2023 жылдың қазан айына дейін Бухаресттегі KMG International (Ромпетрол) компаниясында Топтың сатып алу жөніндегі директоры (Group Procurement Director) қызметін атқарды.
2023 жылғы қарашадан 2024 жылғы ақпанға дейін – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Әкімшілігінің аппарат басшысы.
2024 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Сатып алу және жалпы мәселелер жөніндегі бас директоры қызметін атқарды.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің 2024 жылғы 18 сәуірдегі №7/24 шешімімен «КAP Technology» ЖШС Байқау кеңесінің мүшесі болып тағайындалды.
«КAP Technology» ЖШС Байқау кеңесінің 2024 жылғы 29 сәуірдегі №6/24 шешімімен Байқау кеңесінің төрағасы болып сайланды.