Компания тарихы

«KAP Technology» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2006 жылғы 30 маусымда құрылды.

Негізін қалаушы: «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ.

«KAP Technology» ЖШС-ның негізгі қызметі кәсіпорынның бизнес-процестеріне заманауи технологияларды енгізе отырып, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ холдингінің негізгі қызметін автоматтандыру, роботтандыру және цифрландыру болып табылады.

«KAP Technology» ЖШС құрамында Астана, Алматы, Өскемен, Шымкент қалаларында және Таукент, Қыземшек, Шиелі елді мекендерінде орналасқан жеті аумақтық бөлімше бар.

Компанияның даму бағдарламаларына және өзі орналасқан өңірлердегі әлеуметтік бағдарламаларға қатысуы:

Компанияның даму бағдарламаларына және өзі орналасқан өңірлердегі әлеуметтік бағдарламаларға қатысуы: 2011-2013 жылдар аралығында «Деректерді берудің бірыңғай корпоративтік желісін» ұйымдастыру бойынша жоба іске асырылды. Жоба шеңберінде жалпы ұзындығы 628,3 км магистральдық талшықты-оптикалық байланыс желілері (ТОБЖ) төселді, деректерді беру жүйесінің жабдығы (ДБЖ), оның ішінде жалпы ұзындығы 1915 км болатын 9 радиорелелік байланыс желілер (РРЖ) аралығы орнатылды.

Деректерді берудің бірыңғай корпоративтік желісі «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ компаниялар тобы кен орындарының 95-дан астамын корпоративтік сервистермен (пошта, электрондық құжат айналымы жүйесі, бейнеконференция байланысы, Skype for Business және т.б.) қамтуға мүмкіндік берді және жұмыс істеп тұрған Түркістан және Қызылорда облыстарында орналасқан кеніштердің елді мекендерінде Интернет, ID TV, телефония желілеріне қолжетімділікті арттыруға мүмкіндік берді.