Тастанбеков Тимур Асылханұлы

Байқау кеңесінің мүшесі

Қазақстан Республикасының азаматы. 1987 жылы туылған.

2007 жылы ҚазҰТУ қарасты Қ.И. Сәтбаев атындағы колледжінің басқарудың автоматтандырылған жүйелері мамандығын аяқтады.

2010 – Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ университетінің компьютердің аппараттық және бағдарламалық құралдары мамандығын аяқтады.

Еңбек қызметін 2008 жылы «Русбурмаш-Қазақстан» БК» ЖШС-нің диспетчері ретінде бастады.

2013 жылдың маусымынан 2013 жылдың қыркүйегіне дейін «Майл.ру» деректер базасында талдаушы болып жұмыс істеді.

2016 жылдың шілде айынан 2017 жылдың тамыз айына дейін «Уранэнерго-Пул» ЖШС-де энергиямен жабдықтаудың бас менеджері қызметін атқарды.

2017 жылдың тамызынан 2018 жылдың қараша айына дейін «Уранэнерго-Пул» ЖШС-де директордың орынбасары, ары қарай 2018 жылдың қарашасынан 2019 жылдың қаңтарына дейін директор қызметін атқарды.

2019 жылдың ақпанынан 2022 жылдың қыркүйегіне дейін «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның энергетика және автоматтандырылған процестерді басқару жүйелері бөлімінің бас сарапшысы болып жұмыс істейді.

2022 жылдың қазан айынан бастап 2022 жылдың қарашасына дейін «Уранэнерго» ЖШС-ның бас директорының өндірістік мәселелер жөніндегі орынбасары, одан кейін 2022 жылдың желтоқсанынан 2024 жылдың ақпанына дейін «Уранэнерго» ЖШС бас директоры қызметін атқарды.

2024 жылдың қаңтарынан қазіргі уақытқа дейін «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның өндірістік департаментінің директоры болып жұмыс істейді.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның Директорлар кеңесінің 2025 жылғы 22 сәуірдегі №3/25 шешімімен «KAP Technology» ЖШС-нің Байқау кеңесінің мүшесі болып сайланды.