Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының дауыс беру нәтижелері

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Қазатомөнеркәсіп» немесе «Компания») 2020 жылғы 28 шілдеде жергілікті уақыт бойынша (GMT+6) 18 сағат 30 минутта өткізілген, Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы (бұдан әрі – «АКТЖЖ») отырысының күн тәртібіне енгізілген мәселе бойынша сырттай дауыс берудің нәтижелерін жариялады.

АКТЖЖ-ны өткізу сәтінде орналастырылған акциялардың жалпы саны 259 356 608 болды. «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» АҚ жасаған акционерлердің тізіміне сәйкес 2020 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша дауыс беруші акцияларының жалпы саны 220 393 672 құрады. АКТЖЖ-да Компанияның дауыс беруші акцияларының жалпы санының 98,50% құрайтын, жиынтығында 217 105 870 жай акцияларға ие акционерлер мен олардың уәкілетті өкілдері дауыс берді. АКТЖЖ отырысының күн тәртібіне енгізілген мәселе бойынша акционерлер дауыс берді және шешім қабылданды.

Шешім

Келісемін

%

Қарсымын

%

Қалыс қаламын

%

 «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің кейбір сұрақтары туралы

195 782 358

90,18

16 554 039

7,62

4 769 473

2,20

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің кейбір сұрақтары туралы

Өткізілген корпоративтік рәсімдердің нәтижелері бойынша акционерлер «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің кейбір сұрақтарын қарастырып, Компания акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының шешіміне қосымшаға сәйкес «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы төлеу және шығындарды өтеу мөлшері мен шарттарын анықтады.

Анағұрлым толық ақпарат алу үшін байланысу:

Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының сұрақтары бойынша:

Майра Тынымбергенова, корпоративтік хатшы

Тел: +7 7172 45 81 63

Email: mtnymbergenovaatkazatomprom.kz

Инвесторлармен өзара іс-қимылға байланысты сұрақтар бойынша:

Кори Кос (Cory Kos), IR және PR департаментінің директоры

Тел: +7 7172 45 81 80

Email: iratkazatomprom.kz

Қоғаммен байланыс және БАҚ сұраулары сұрақтары бойынша 

Торғын Мұқаева, IR және PR департаменті директорының орынбасары

Тел: +7 7172 45 80 63

Email: pratkazatomprom.kz

Осы хабарландырудың көшірмесі www.kazatomprom.kz сайтында қолжетімді болады.

Қазатомөнеркәсіп туралы

Қазатомөнеркәсіп Компанияның қатысу үлестеріне пропорционал түрде 2019 жылғы жиынтық әлемдік бастапқы уран өндірудің 24 пайызына жуығы мөлшерінде әлемдегі аса ірі табиғи уран өндірумен уран өндіруші болып табылады. Топтың саладағы аса ірі резервтік уран базасы бар. Қазатомөнеркәсіп еншілес, тәуелді және бірлескен ұйымдарымен бірге Қазақстан Республикасының аумағында 13 уран өндіруші кәсіпорынға біріктірілген 24 кен орындарда игеруді жүргізеді. Барлық уран өндіруші кәсіпорындар Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және денсаулықты, өнеркәсіптік қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғаудың озық тәжірибелері мен құралдарына ерекше назар аудара отырып, ұңғымаларды жерасты ұңғымалық шаймалау технологиясын қолданады.

Қазатомөнеркәсіптің бағалы қағаздары Лондон қор биржасында және Astana International Exchange биржасында орналастырылған. Қазақстан Республикасының ұлттық атом компаниясы бола отырып, және топтың негізгі клиенттері - атомдық генерирлеуші қуаттылықтардың операторлары, ал Топтың өнімдері үшін негізгі экспорттық нарықтар Қытай, Оңтүстік және Шығыс Азия, Солтүстік Америка мен Еуропа болып табылады. Топ уранды және уран өнімдерін ұзақмерзімді және қысқамерзімді келісімшарттар бойынша, споттық нарықта Қазақстан, Нұр-Сұлтан қаласындағы өз корпоративтік орталығынан тікелей, сондай-ақ Швейцариядағы еншілес сауда компаниясы, Trading House KazakAtom (ТҰК) арқылы сатады.

Анағұрлым толық ақпарат алу үшін біздің https://www.kazatomprom.kz интернет-ресурсымызға кіріңіз.

Келешекке қатысты мәлімдемелер

Осы хабарламаға немесе құжатқа енгізілген тарихи фактілерден басқа мәлімдемелердің барлығы келешекке қатысты мәлімдемелер болып табылады. Келешекке қатысты мәлімдемелер Компанияның оның қаржылық ахуалына, қызмет нәтижелеріне, жоспарларына, мақсаттарына, келешек нәтижелері мен қызметіне қатысты ағымдағы күтулері мен болжамдарын көрсетеді. Мұндай мәлімдемелерге, басқалардың ішінде, «мақсат», «есептейміз», «күтеміз», «ниеттіміз», «мүмкін», «алдын ала болжаймыз», «бағалаймыз», «жоспар», «жоба», «болады», «ие болуы мүмкін», «ықтимал», «тиіс», «мүмкін» және басқа сөздер мен ұқсас мағыналы терминдер немесе олардың болымсыз формалары кіруі мүмкін.

Келешекке қатысты мұндай мәлімдемелерге белгілі және белгісіз тәуекелдер, белгісіздіктер және Компаниядан тәуелсіз, Компанияның нақты нәтижелері, көрсеткіштері немесе жетістіктерінің келешекке қатысты осындай мәлімдемелермен білдірілген немесе тұспалданған күтілетін нәтижелерден, көрсеткіштерден немесе жетістіктерден елеулі түрде айрықшалануына әкелуі мүмкін басқа маңызды факторлар кіреді. Келешекке қатысты мұндай мәлімдемелер Компанияның қазіргі және келешектегі бизнес-стратегиясына қатысты көптеген болжамдарға және ол келешекте жұмыс істейтін шарттарға негізделген.

ОСЫ ҚҰЖАТТАҒЫ БОЛЖАМДАРҒА ҚАТЫСТЫ АҚПАРАТ КЕЛЕШЕК ОҚИҒАЛАР ТУРАЛЫ БІРҚАТАР БОЛЖАМДАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖӘНЕ ЕШҚАЙСЫСЫ ДА  СЕНІМДІЛІКПЕН АЛДЫН АЛА БОЛЖАНА АЛМАЙТЫН ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРІ КОМПАНИЯНЫҢ ЫҚПАЛЫНАН ТЫСҚАРЫДА БОЛЫП ТАБЫЛАТЫН ЕЛЕУЛІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛЕСТІК БЕЛГІСІЗДІККЕ ЖӘНЕ БАСҚА ШАРТТЫЛЫҚТАРҒА БЕЙІМ. БОЛЖАМДАРДЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛАТЫНДЫҒЫНА ЕШҚАНДАЙ КЕПІЛДІКТЕР БОЛУЫ МҮМКІН ЕМЕС ЖӘНЕ НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР КӨРСЕТІЛГЕННЕН ЖОҒАРЫ НЕМЕСЕ ТӨМЕН БОЛУЫ МҮМКІН. КОМПАНИЯДАН ЕШКІМ – ОНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІ ДЕ, ДИРЕКТОРЫ ДА, ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ДА, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ, КЕҢЕСШІЛЕРІ ДЕ, ҮЛЕСТЕС ТҰЛҒАЛАРЫ ДА НЕМЕСЕ ЖОҒАРЫДА ТІЗІЛГЕНДЕРДІҢ ҚАНДАЙ ДА БІР ӨКІЛДЕРІ ДЕ – ОСЫ ҚҰЖАТТА ҰСЫНЫЛҒАН БОЛЖАМДАРДЫҢ ДӘЛДІГІ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК АЛМАЙДЫ.

Осы хабарламада немесе құжатта берілген ақпарат,  басқалардың ішінде, келешекке қатысты мәлімдемені қоса, осы құжат күніне ғана қолданылады және келешек нәтижелер үшін қандай да бір кепілдіктер ұсынуға арналмаған. Компания осындай ақпараттың, қаржылық деректерді немесе болжамдық мәлімдемелерді қоса, жаңартуларын немесе өзгерістерін тарату бойынша қандай да бір міндеттемелерден анық бас тартады және Компанияның күтулеріндегі өзгерістер нәтижесінде, келешекке қатысты осындай мәлімделерге негіз болған оқиғалардағы, ахуалдардағы немесе жағдайлардағы өзгерістер нәтижесінде немесе осы құжат күнінен кейін туындайтын басқа оқиғалар мен  жағдайларда туындайтын, ол ақпаратқа енгізуі мүмкін  қандай да бір өзгерістерді жария шығармайтын болады.