Бақылаушы кеңесінің мүшесі
Қазақстан Республикасының азаматы.
- 2003 жылы Қызылорда мемлекеттік университетін информатика маманы бойынша аяқтады.
- 2012 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақстан экономикалық университетін экономист мамандығы бойынша бітірді.
- 2017 жылы «МИФИ» (Мәскеу инженерлік-физикалық институты) Ұлттық зерттеу ядролық университетінен бизнес-информатика магистрі деңгейін алды.
- 2023 жылы менеджмент және көшбасшылық бойынша Executive Master of Business Administration академиялық деңгейін алып Швейцариялық бизнес мектебін бітірді.
Еңбек қызметін 1999 жылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ №6 Кен басқармасы бөлімшесінде кәсіпорын басқарудың бағдарламалық жиынтығы әкімшісі – бағдарламашы-инженер ретінде бастады.
2004 жылдан осы күнге дейін «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-да түрлі лауазымдарда қызмет атқарып келеді:
- 2004 – 2008 Ақпараттық технологиялар департаментінің қаржы экономикалық жүйесі бөлімінің бас маманы;
- 2008 – 2011 Ақпараттық технологиялар департаментінің қаржы экономикалық жүйесі бөлімінің менеджері;
- 2011 – 2015 Ақпараттық технологиялар департаментінің бас менеджері / АТ жобаларын басқару басқармасының басшысы;
- 2015- 2017 Бизнесті трансформациялау департаментінің техникалық блогының басшысы – Автоматтандыру процесстері жобасы жетекшісінің орынбасары;
- 2017 – 2018 АТ-стратегиясы және АТ-құрылымы басқармасының бастығы;
- 2018 - 2022 жылдан осы уақытқа дейін Ақпараттық технологиялар департаментінің директоры.
- 2022 - қазіргі уақытта дейін «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Ақпаратты қорғау департаментінің директоры.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің 2024 жылғы 22 тамызындағы № 13/24 шешімімен «КАР Technology» ЖШС Байқау кеңесінің мүшесі болып 3 (үш) жыл мерзімге сайланды.