25 қарашада «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ ұжымы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты Тұжырымдамасын талқылауға арналған кездесуі өтті. Іс-шараға «Самұрық-Қазына» АҚ өкілдері мен «KAP Logistics» ЖШС, «KAP Technology» ЖШС және «Семізбай-U» ЖШС сияқты компанияның еншілес кәсіпорындарының қызметкерлері қатысты.
Қазатомөнеркәсіптің HR және цифрландыру жөніндегі бас директоры Әлібек Алдонғаров Қазатомөнеркәсіптің өз қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа парасаттылық пен «нөлдік төзімділік» идеологиясын ілгерілете отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударатынын атап өтті. Іс-шараның мақсаты Компания қызметкерлерінің елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабардарлығын арттыру және оларды іске асыруды сындарлы талқылау екеніне назар аударды.
«Комплаенс-жүйе өзін квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимылдың тиімді және пәрменді құралы ретінде көрсетті және оның негізгі құралы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу болып отыр», - деді «Самұрық-Қазына» АҚ комплаенс қызметінің басшысы Дәурен Ақшалов.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының кеңесшісі Анар Жарова Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі ретінде Қазатомөнеркәсіп қызметкерлеріне стратегиялық құжаттың қалай құрылғанын, оның негізгі міндеттері мен іске асыру бойынша жоспарланған шараларды егжей-тегжейлі айтып берді. «Сіздердің компанияңызда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл желісі бойынша ұйымдастырылған жүйелі жұмысты жеке атап өткім келеді. Біз уәкілетті орган ретінде Қазатомөнеркәсіптің осы мәселеге қызығушылығын көріп, жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларға ризашылығымызды білдіреміз», - деп түйіндеді сөзін А.Жарова.
Қазатомөнеркәсіптің комплаенс қызметінің басшысы Самат Сарбасов Қазатомөнеркәсіптің комплаенс-жүйесінің жұмыс істеу қағидаттары туралы ақпарат ұсынып, Компанияның жария мәртебесін ескере отырып, олар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды ғана емес, сонымен қатар листингтік ережелерді сақтау, санкциялық комплаенс, экологиялық комплаенс және т. б. элементтерді де қамтитынын атап өтті.
Кездесу аясында тараптар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шеңберіндегі заңнамалық бастамаларды талқылады және өзекті мәселелер бойынша сындарлы ынтымақтастық туралы алдын ала уағдаласты