Бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары
Функционалдық міндеттері: Серіктестік үшін әсерлер мен пайданы ескере отырып, бизнес-процестер мен АТ-сервистердің тиімділігін арттыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, өндіріс процесінің үздіксіз жұмысын және өнімді тұрақты шығаруды қамтамасыз ету мақсатында ЖҚ мен Серіктестіктің Даму стратегиясына сәйкес өндірісті дамытудың стратегиялық пайымын қалыптастырады, Серіктестікте өндірісті құруға және дамытуға байланысты басым бағыттарды айқындайды, ғылым және инновация мәселелерін үйлестіреді, Серіктестіктің өндірістік блогының өндірістік және басқару процестерін оңтайландыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеуді қамтамасыз етеді. Жабдықтың және барлық байланыс құралдарының үздіксіз жұмыс істеуі үшін жағдай жасау мақсатында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ тобының телекоммуникациялық желісінің ақпараттық жүйелерін, жабдықтары мен байланыс құралдарын ішкі, қалааралық және халықаралық телефон байланысымен, өндірістік радиобайланыспен, интернет-байланыспен сенімді және қауіпсіз жұмыс істеумен қамтамасыз етеді (әуе және кабельдік байланыс желілері, автоматты телефон станциялары мен шығару жолдары, сымсыз байланыс жабдықтары, өрт және күзет дабылы құрылғылары және т. б.); ықтимал тәуекелдердің алдын алу/азайту, АТ-сервистердің үздіксіз жұмысын және АТ-инфрақұрылым мен жабдықтардың дұрыс пайдаланылуын қамтамасыз ету, көрсетілетін сервистік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында өтінімдердің уақытында орындалуын бақылайды және мониторинг жүргізеді. Бірыңғай технологиялық платформада қызметтің негізгі бағыттарының функционалдығын және толық интеграциясын қамтамасыз ету мақсатында ақпараттық қауіпсіздік режимін сақтай отырып SAP ақпараттық жүйесін сүйемелдеу жөніндегі жұмыстарды үйлестіреді.
Қазақстан Республикасының азаматы. 1986 жылы туған.
Басқару институтын Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтылым мамандығы бойынша бітірген (2009 жыл). Қаржы мамандығы бойынша Қаржы Академиясын бітірді (2014). International Management (2020 жыл) мамандығы бойынша Geneva business school MBA бітірді, Master of Business Administration.
Еңбек жолын 2009 жылы «KazInterSoft» ЖШС-да web бағдарламашысы-әзірлеуші лауазымында бастады. 2007 жылдан бастап «KazinterSystemsSolutions» ЖШС инженер-бағдарламашы, жоба менеджері болып жұмыс істеді. 2009 жылы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінде, қаржы мониторингі комитетінде бас сарапшы болып жұмыс істеді. 2013 жылдан 2014 жылға дейін «Самрук-Казына Контракт» ЖШС Ақпараттық қауіпсіздік қызметінің бас менеджері болып жұмыс істеді. 2014 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат агенттігінде телекоммуникациялық инфрақұрылымды бақылау басқармасының басшысы болып жұмыс істеді. 2015 жылдан бастап «Байланыс-НАК» ЖШС-да, ЖҚКО және ТБКЖ жобаларын дамыту бөлімінің жобалар жетекшісі болып жұмыс істеді. 2016 жылдан бастап «KAP Technology» ЖШС-да Пайдалану департаментінің директоры, бас директордың даму жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды. 2018 жылдан 2021 жылға дейін «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Ақпараттық технологиялар департаментінің директоры, Цифрландыру офисінің басшысы болып жұмыс істеді. 2021 жылдан бастап Kazpost JSC-да Ақпараттық жүйелерді пайдалану дирекциясы филиалының директоры болып жұмыс істеді. 2021 жылдан бастап виртуалды шындықты оқыту саласында IN-VR LTD стартап жобасының негізін қалаушы (EdTech). 2023 жылдан бастап ҚР СИМ «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК бас директордың кеңесшісі болып жұмыс істеді. 2023 жылдың қыркүйегінен бастап «KAP Technology» ЖШС Инфрақұрылымдарды техникалық сүйемелдеу департаментінің директоры болып қызмет атқарады.
«KAP Technology» ЖШС Байқау кеңесінің 2024 жылғы 1 шілдедегі шешімі № 9/24 хаттама негізінде 2024 жылғы 1 шілдеден бастап «KAP Technology» ЖШС Бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындалды.
Қоса атқару бойынша жұмысы жоқ.