«Қазатомөнеркәсіп»ҰАК» АҚ орталық аппаратының орнын ауыстыруына байланысты жеке құрылым ұйымдастыру қажеттілігі туындады. IP-VPN, байланыс бейнеконференциясы , телефония, интернет, ID-TV сияқты байланыс қызметтерін көрсету және техникалық қолдауды жүзеге асыру үшін 2011 жылы Астана қ. Орталық аппарат және ДЗО тұтынушыларына арналған «Астана» Байланыс Басқармасы құрылды.

Кейін 2015 жылғы қазанда «KAP Technology» «Астана» Техникалық Қолдау және Сүйемелдеу Орталығы құрылды.
2016 жылғы 1 қарашадан бастап «Астана» ТҚСО қайта құруға байланысты Сүйемелдеу Департаменті болып өзгертілді.
Департамент қызметінің негізгі бағыттары:
- «Қазатомөнеркәсіп»ҰАК» АҚ Холдингінің құрамына кіретін компаниялар үшін ТБКЖ (Телекоммуникацияның бірыңғай корпоративтік желісі) желісіне қолжетімділікті ұйымдастыру және ҚЖО (Қызмет көрсетудің жалпы орталығы) базасында қызметтерді енгізу.
- Мәліметтерді беру каналдарын, телефонияны, Корпоративтік поштаны, кешенді ақпараттық қауіпсіздік жүйесін, 1С Бухгалтерияны, өнеркәсіптік автоматтандырылған жүйелерін, сондай-ақ Холдинг үшін маңызды басқа да корпоративтік ақпараттық жүйелерді беру бойынша қызметтерді техникалық жабдықтау және сүйемелдеу.
- Зақымдануды жоюдың реттелген уақыты, болған жайттын себептерін анықтау, тұтынушылардың өтінімдерін ServiceDesk жүйесі арқылы тіркеу.
- Желілік және серверлік жабдықтарды бақылау мониторингтің мамандандырылған жүйесі арқылы.
- VDC қызметтерін беру
- Электрондық құжат айналымы жүйесін енгізу және сүйемелдеу
- Заңды тұлғаларға арналған Интернет желісіне қорғалған қолжетімдік ұйымдастыру.
- Офистік және корпоративтік желілерді жобалау және монтаждау.
- Тапсырыс берушінің мұқтажына сай жабдықтарды жеткізу және баптау.
- Тапсырыс берушінің объектісінде, оның ішінде оптикалық-талшықты кабель желілері негізінде ақпараттық-коммуникациялық жүйелерді монтаждау және орнату.
- телекоммункация саласындағы жүйелік интеграция.
- ақпараттарды берудің сымсыз каналдарын жасау.
- сапалы және үздіксіз телефон байланысын қамтамасыз ету және беру.
- еншілес және тәуелді ұйымдар және шет ұйымдардың өтінімдерін орындау.
- Дербес компьютерлерді техникалық жабдықтау және жөндеу.
- МФУ көшіру-көбейту техникасын техникалық жабдықтау және жөңдеу.
- перифериялық құрылғыларды (принтерлерді) техникалық жабдықтау және жөңдеу.
- желілік жабдықтарды техникалық жабдықтау және жөндеу.
- серверлерді техникалық жабдықтау.
Сүйемелдеу департаментінің қызмет көрсету жауапкершілігінің аймағына кіреді:
- «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ орталық аппараты
- «МАЭК Қазатомөнеркәсіп»» ЖШС корпоративтік хатшысы
- «AstanaSolar» ЖШС орталық аппараты
- «KazakhstanSolarSilicon» ЖШС корпоративтік хатшысы
- «Аппак» ЖШС корпоративтік хатшысы
- «Байкен-U» ЖШС корпоративтік хатшысы
- «Волковгеология» АҚ корпоративтік хатшысы
- ««Қазатомөнеркәсіп» -Даму» ЖШС орталық аппараты
- «Қорған-Қазатомөнеркәсіп»» ЖШС өкілдігі
- «Қызылқұм» ЖШС өкілдігі
- «МК «KazSilicon» ЖШС өкілдігі
- «Орталык» ӨК» ЖШС өкілдігі
- «СКК» ЖШС өкілдігі
- «ЖТИ» ЖШС өкілдігі
- «Семізбай-U» ЖШС орталық аппараты
- «Қаратау» ЖШС өкілдігі
- «ҮМЗ» АҚ өкілдігі
- Канал «Астана» ТҚСО арқылы ұйымдастырылғандықтан «Заречное»ҚРҚ БК» ЖШС кені.