Омбудсмен

Омбудсменнің негізгі функционалдық міндеттері:

  • Омбудсменнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қызметкерлерден келіп түскен өтінімдерді, өтініштер мен хаттарды қарау
  • Жанжалдарды/дауларды реттеу бойынша дауға, жанжалға немесе проблемалық жағдайға қатысатын тұлғаларға ұсыныстар әзірлеу
  • «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ органдары мен лауазымды тұлғаларын корпоративтік әдеп саласындағы анықталған бұзушылықтар туралы хабардар ету
  • Әдеп және комплаенс кодексінің талаптарына байланысты мәселелер бойынша қызметкерлерге түсініктеме беру
  • Проблемалық әлеуметтік-еңбек мәселелерін шешуге, қызметкерлердің іскерлік әдеп қағидаттарын сақтауына жәрдемдесу
  • Өтініш білдірген қызметкерлерге кеңес беру және оларға ҚР заңнамасының нормаларын сақтауды ескере отырып шешім әзірлеуге жәрдем көрсету

Барлық өтініштер ҚҰПИЯ болады.