Бас директордың даму жөніндегі орынбасары
Функционалдық міндеттері: Серіктестік үшін әсерлер мен пайданы ескере отырып, бизнес-процестер мен АТ-сервистердің тиімділігін арттыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, өндіріс процесінің үздіксіз жұмысын және өнімді тұрақты шығаруды қамтамасыз ету мақсатында ЖҚ мен Серіктестіктің Даму стратегиясына сәйкес өндірісті дамытудың стратегиялық пайымын қалыптастырады, Серіктестікте өндірісті құруға және дамытуға байланысты басым бағыттарды айқындайды, ғылым мен инновация мәселелерін үйлестіреді, Серіктестіктің өндірістік блогының өндірістік және басқару процестерін оңтайландыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеуді қамтамасыз етеді.
Өндіріс технологиясын басқарудың автоматтандырылған және роботтандырылған жүйелерін жобалау және енгізу бойынша басшылықты қамтамасыз етеді, ресурстарды ұтымды пайдалануды, өнім сапасын жақсартуды және еңбек өнімділігін арттыруды қамтамасыз ететін технологиялық процестер мен техникалық шешімдердің тиімділігін арттыру мақсатында мамандандырылған өнеркәсіптік БӨАжА өндірісін бақылауды, уранды өндіру және қайта өңдеу үшін стандартталмаған автоматтандырылған жабдықтар мен өзге де бұйымдарды дайындауды жүзеге асырады. Ақпараттық жүйелер мен сервистерді әзірлеуді қамтамасыз етеді. Ақпараттық жүйелер мен сервистердің бизнес-процесін, бизнес логикасын және бағдарламалық кодын талдау, сүйемелдеу жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз етеді. Ақпараттық жүйелер мен сервистер функционалының жұмыс істеу сапасын арттырады. Қор мен ЖҚ стандарттарына, салалық стратегияға, ақпараттық технологияларды дамыту саласындағы функционалдық стратегияға сәйкес бірыңғай технологиялық платформада қызметтің негізгі бағыттарының функционалдығын және толық интеграциясын қамтамасыз ету мақсатында ақпараттық қауіпсіздік режимін сақтай отырып SAP ақпараттық жүйесін дамыту жөніндегі жұмыстарды үйлестіреді.
Қазақстан Республикасының азаматы. 1990 жылы туған.
Алматы энергетика және байланыс университетін «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандығы бойынша (2011 жыл); Алматы энергетика және байланыс университетінің магистратурасын «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандығы бойынша бітірген, Техника ғылымдарының магистрі (2014 жыл).
Жалпы еңбек өтілі 12 жылдан асады. Еңбек жолын 2011 жылы «Мобайл телеком сервис» ЖШС инженері болып бастаған. 2014-2016 жылдары «Uni Grand Engineering» ЖШС директоры, 2016-2018 жылдары «KAP Technology» ЖШС Жобаларды дамыту департаментінің директоры болып жұмыс істеді.
«Қазпошта» АҚ-да 2018 жылдың сәуірінен 2020 жылдың маусымына дейін SAP ERP енгізу басшысы лауазымында жұмыс істеді. 2021 жылғы маусымнан 2023 жылғы тамызға дейін «Шалқия Цинк» АҚ Цифрландыру және автоматтандыру офисінің басшысы болып қызмет атқарды.
2023 жылғы тамыздан 2023 жылғы қазанға дейін «KAP Technology» ЖШС Цифрландыру және даму жөніндегі басқарушы директоры болып жұмыс атқарды. «KAP Technology» ЖШС Байқау кеңесінің 2023 жылғы 24 қазандағы шешімі № 11/23 хаттама негізінде 2023 жылғы 24 қазаннан бастап «KAP Technology» ЖШС бас директорының даму жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындалды.
Қоса атқару бойынша жұмысы жоқ.