Бас директор
Функционалдық міндеттері: Заманауи телекоммуникациялық қызметтер мен АТ инфрақұрылымына қызмет көрсету бойынша қызметтерді басқарады, автоматтандыру жүйелерін жаңарту, жобалау, салу және енгізу бойынша жұмыстарды және ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізеді; бизнес-процестердің тиімділігін, сервистік қызметтердің сапасын арттыру және корпоративтік байланыс операторы және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ компаниялар тобы үшін көпфункционалды жалпы қызмет көрсету орталығы (ЖҚКО) ретіндегі Серіктестіктің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Ақпараттық жүйелерді цифрландыру және даму стратегиясын іске асырады. Серіктестіктің Даму стратегиясына сүйене, іскерлік қызметтегі озық тәжірибелерді, ғылыми-техникалық жетістіктерді, заманауи технологияларды қолдана отырып, Серіктестік үшін анықталған қаржылық-экономикалық қызмет көрсеткіштерінің мақсатты мәндеріне қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Бастамаларды қолдауға, ашық диалог құруға пен компанияға ниеттестікке бағытталған, сондай-ақ ұжымда өнімді жұмыс ахуалын құру және олардың уәждемесін арттыру мақсатында қызметтің негізгі көрсеткіштерін, саясатты, ережелерді және бизнесті дамытудың стратегиялық басымдықтарын коммуникациялауды қоса алғанда, персоналды басқаруға бағытталған корпоративтік құндылықтар мен корпоративтік мәдениеттің бірыңғай жүйесін енгізуді қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының азаматы. 1986 жылы туылған.
Мәскеу қ. Заманауи гуманитарлық академиясын «Информатика және есептеу техникасы» мамандығы бойынша бітірген (2009 жыл). Geneva business school MBA «Халықаралық менеджмент» мамандығы бойынша бітірген (2018 жыл).
Жалпы еңбек өтілі 21 жылдан асады. Еңбек жолын 2003 жылы Астана қ. «Техмаркет компаниясы» ЖШС-да жүйелік әкімші ретінде бастаған. 2006-2008 жылдары «Агроцентр Астана» ЖШС ІТ департаментінің директоры, 2007-2010 жылдары Астана қ. «Компания Техмаркет» ЖШС Сервис орталығының директоры, 2010-2013 жылдары Астана қ. «Dynamics Technologies» ЖШС жобалық офисінің атқарушы директоры, 2013 жылдан 2014 жылға дейін «FINLINER» ЖШС бас директоры, Астана қ., 2014 жылдан 2015 жылға дейін Астана қ. TerrаLink -те Key account manager болып жұмыс істеді.
2015 жылдың маусымынан 2015 жылдың желтоқсанына дейін «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ инфрақұрылым жөніндегі архитектор қызметін атқарды. 2015-2017 жылдары «KAP Technology» ЖШС бас директоры лауазымын атқарды.
«Қазпошта» АҚ-да 2018 жылдың ақпан айынан бастап 2019 жылға дейін SAP ERP бағытының басшысы, 2019 жылдан 2020 жылға дейін Атқарушы директор, 2020 жылдан 2021 жылға дейін цифрландыру жөніндегі Басқарушы директоры қызметтерін атқарды. 2021 жылғы қарашадан 2023 жылғы ақпанға дейін цифрландыру жөніндегі Басқарушы директор – «Kazpost» АҚ Басқарма мүшесі лауазымында жұмыс істеді.
«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің 2023 жылғы 20 шілдедегі № 8/23 шешімімен «KAP Technology» ЖШС Бас директоры болып тағайындалды
Қоса атқаратын жұмысы жоқ.