Бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасары
Функционалдық міндеттері: Серіктестіктің Даму стратегиясын іске асыру мақсатында Серіктестік қызметінің экономикалық тиімділігін арттыруды және бизнесті дамытуды қамтамасыз ету үшін қаржыны басқару, қаржылық және тарифтік саясатты қалыптастыру және іске асыру саласындағы ұзақ мерзімді және орта мерзімді функционалдық стратегияны әзірлейді және іске асыруды қамтамасыз етеді.
ЖҚ Даму стратегиясы мен Серіктестіктің Даму стратегиясына негізделе отырып, Серіктестіктің қаржы-шаруашылық қызметін қысқа мерзімді, орта мерзімді және перспективалық жоспарлауға, қызметтің қаржылық нәтижелерін талдауды, қаржылық тәуекелдерді бағалауды және азайтуды ескере отырып, ақшалай қаражаттың перспективалық және ағымдағы бизнес-жоспарлары мен бюджеттерін қалыптастыруға жауапты, олардың орындалуын бақылайды, қаржы ағындарын тиімді басқаруды жүзеге асырады, қаржылық және инвестициялық жобаларды, Серіктестіктің қаржылық қажеттіліктерін бағалайды, тарифтік сметаны жоспарлау/орындау процесін үйлестіреді, Серіктестіктің өндірістік, қаржылық және коммерциялық қызметінің (бизнес-жоспарларының) операциялық жоспарларын қалыптастыру және түзету, стратегиялық және перспективалық мақсаттарға қол жеткізу мақсатында барлық бөлімдерді келісу және өзара байланыстыру процесін ұйымдастырады және үйлестіреді.
Халықаралық стандарттарға, Қазақстан Республикасының заңнамасына, ЖҚ және Серіктестіктің нормативтік құжаттарына сәйкес есеп және салық саясатын әзірлеуге/іске асыруға, басқарушылық есепке алу жүйесін жетілдіруге, Серіктестікте бухгалтерлік және салықтық есепке алуды жүргізуге және қаржылық есептілікті дайындауға жауапты болады, контрагенттермен өзара есеп айырысуды, банктік шоттардағы және кассалық төлемдердегі қозғалысты, қаржылық қарыз алу, Серіктестік кепілдіктерін беру және өтеу мәселелерін уақтылы шешуді бақылайды, қаржылық орнықтылық пен төлем қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында операциялық және жобалық қызметті қаржы ресурстарымен қамтамасыз етуді ұйымдастырады, уақытша бос ақша қаражатын орналастыру және оларды басқару жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.
Қазақстан Республикасының азаматы. 1984 жылы туған.
«Менеджмент» мамандығы бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін (2005 жыл); «Public administration» мамандығы бойынша New York University магистратурасын бітірген, Мемлекеттік басқару магистрі (2009 жыл).
Жалпы еңбек өтілі 20 жылдан асады. Еңбек жолын 2004 жылы «Темірбанк» АҚ Қазынашылық департаментінің дилері болып бастаған. 2005-2007 жылдары «Қазғарыш» ҰК» АҚ менеджері.
«Самұрық-Энерго» АҚ-да 2009 жылғы маусымнан 2012 жылғы шілдеге дейін Инвестицияларды басқару департаментінің бас менеджері, кейін Корпоративтік қаржыландыру департаментінің директоры лауазымдарында жұмыс істеді. 2012 жылғы тамыздан 2017 жылғы қыркүйекке дейін «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары лауазымында қызмет атқарды. 2017 жылғы қыркүйектен 2020 жылғы қаңтарға дейін «Қазпошта» АҚ стратегия және экономика жөніндегі атқарушы директоры лауазымында жұмыс істеді. 2020 жылдан 2024 жылға дейін «КТС» ЖШС МЖӘ директоры лауазымында қызмет атқарды.
«KAP Technology» ЖШС Байқау кеңесінің 2024 жылғы 28 мамырдағы шешімі негізінде № 7/24 хаттамамен 2024 жылғы 29 мамырдан бастап «KAP Technology» ЖШС бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындалды.
Қоса атқару бойынша жұмысы жоқ.