Бақылаушы кеңесінің мүшесі
Қазақстан Республикасының азаматшасы. 1980 жылы туған.
1997-2001 жылдар, Экономист-Бухгалтер мамандығы бойынша Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін аяқтады.
2013 ж. CIMA - Chartered Institute of Management Accountants дипломы, «Бизнес тиімділігін басқару» /1-IIG6BV
- 2015 ж. CFO диплом (бизнес академиясы E&Y)
- 2015-2016 жж. МИФИ- магистратура
Біліктілікті арттыру курстары:
- 2005 ж — «ҚЕХС» /KPMG, сертификат,
- 2008 ж. — Кәсіпорынды басқару. Қаржыны басқару. Бизнестіқ жоспарлау./ «Профессионал» оқыту-тренингтік орталығы куәлігі, «Бюджеттендіру және бақылау» /Жүйелік бизнес-технологиялар институты, сертификат;
- 2009 ж. — «Экономисттер үшін шығындар есебі, дағдарыстан шығу» /BBS, Италия-Рим -сертификат,
- 2010 ж — «Басқару есептілігінің жүйесі: Қаржы және бухгалтерлік есеп» /ҚЯУ сертификаты, «Ұжымды басқарудағы басшылардың рөлі» / JIB grоup компаниясының консалтиннгтік тобы, сертификат, «Құзірет модулі «Баға беру жүйесі»» / JIB grоup компаниясының консалтиннгтік тобы, сертификат, Қаржылық Есептіліктің Халықаралық Стандарттарына электрондық оқыту: Бағдарлама №4 «ҚЕХС: Негізгі тұжырымдамалар және оларды тәжірибеде бөлек шоғырландырылма қаржылық есеп үшін пайдалану»;
- 2013 ж. ACCA DipIFR бойынша курсты аяқтау барысындағы сертификат;
- 2015г. GRI Certified Training Program Certificate /нөмірі TR101545 дипломы
Еңбек жолын 1998 жылы «Дана-Консалтиннг» аудиторлық ұйымында аудитор көмекшісі болып бастады.
Түрлі жылдары «Net Info Distributions Ltd» ЖШС-де бас есепші, «Uni Commerce» ЖШС-де экономист-есепші, «Восток-Цемент» ААҚ-да Қаржы басқармасының есептік-қаржылық секторының бас менеджері болып жұмыс атқарды.
2004 жылдан 2013 жылдар аралығында «Горнорудная компания» ЖШС-нің («Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Холдингі) жиынтық қаржылық басқармасында маманнан бастап бас менеджерге дейін жетіп қызмет атқарды.
«2013 жылдың қыркүйегінен бастап 2021 жылдың басына дейін «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Экономика және жоспарлау департаментінің Басқарушылық есептілікті шоғырландыру және талдау бөлімінің бастығы қызметін атқарды.
2021 жылдың басынан бастап «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Экономикалық талдау департаментінің директоры болып табылады.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің 2021 жылғы 4 қарашадағы шешімімен «KAP Technology» ЖШС Бақылаушы кеңестің мүшесі болып сайланды.