2021 жылы Бақылаушы кеңестің 12 отырысы өткізілді, онда «KAP Technology» ЖШС қызметінің түрлі аспектілеріне қатысты 69 мәселе қаралды, оның ішінде:
- 2022 жылға арналған бюджетті және 2022-2026 жылдарға арналған Бизнес-жоспарды бекіту;
- 2022 жылға арналған тәуекелдер тіркелімін, тәуекелдер картасын, тәуекел тәбетті, сондай-ақ 2022 жылға арналған сыбайлас жемқорлық тәуекелдер тіркелімін бекіту;
- басшы қызметкерлер, корпоративтік хатшы, тәуекелдер және комплаенс бойынша офицер қызметінің негізгі көрсеткіштерінің картасын бекіту;
- ішкі құжаттарды, оның ішінде «KAP Technology» ЖШС-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу әдістемесін және «KAP Technology» ЖШС этика және комплаенс кодексін жаңа редакцияда бекіту;
- Бақылаушы кеңес алдында «KAP Technology» ЖШС Атқарушы органының қызметінің негізгі нәтижелері туралы тоқсан сайынғы есептерін қарау;
- «KAP Technology» ЖШС тәуекелдерді басқару жөніндегі тоқсан сайынғы есептерді қарау;
- «KAP Technology» ЖШС комплаенс саласында қолданылатын реттеуші талаптарды сақтамау тәуекелдерін барынша азайту жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы тоқсан сайынғы есептерді қарау;
- Омбудсменнің атқарылған жұмыс туралы есебін қарау;
- «KAP Technology» ЖШС меншікті капиталының жалпы мөлшерінің 5% - ынан асатын сомаға «KAP Technology» ЖШС-нің мүлкін сатып алуға және иеліктен шығаруға байланысты мәміле жасасу туралы шешім қабылдау;
- Пул менеджментінің сабақтастық жоспарын бекіту;
- Бақылаушы кеңестің 2022 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы;
- 2022 жылға арналған Корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту.