- KAP Technology ЖШС Этика және Комплаенс кодексі
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жадынама
- KAP Technology ЖШС сыбайлас жемқорлыққа және алаяқтыққа қарсы іс-қимыл саясаты
Серіктестікте Серіктестіктің және оның қызметкерлерінің қолданыстағы заңнаманы, Серіктестіктің реттеушілік талаптары мен ішкі құжаттарын сақтауын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың халықаралық тәжірибесіне сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болғызбау тетіктерін енгізуді, санкциялық шектеулер, сондай-ақ листинг мәселелері, ақпаратты ашу және инсайдерлік ақпаратқа негізделген бағалы қағаздармен мәмілелердің алдын алу бойынша реттеушілік талаптарды қамтамасыз ететін Серіктестіктің Байқау кеңесіне тікелей бағынатын Комплаенс жөніндегі офицер тағайындалады.
Комплаенс жөніндегі офицердің міндеттері:
- Серіктестік пен оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Серіктестіктің халықаралық стандарттарын, келісімдерін, шарттарын және ішкі құжаттарын сақтауын, сондай-ақ Серіктестіктің қолданыстағы сауда шектеулерін (халықаралық экономикалық санкцияларды) сақтауын қоса алғанда, комплаенс жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
- Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, Серіктестіктің ішкі құжаттарының, мүдделі тараптар алдындағы міндеттемелерінің талаптарын сақтамау салдарынан комплаенс-тәуекелдердің және оған байланысты шығындардың/залалдың алдын алу және барынша азайту;
- Серіктестік қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және Серіктестікке деген сенімді нығайту;
- құпия ақпараттандыру арналары бойынша келіп түсетін, оның ішінде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Комплаенс қызметінің Серіктестікке жолдаған хабарламаларын қарау.
Комплаенс
Серіктестік өз қызметін адал жүзеге асыруға ұмтылады және іскерлік қатынастар әдебінің ең қатаң нормаларын басшылыққа алады, бұл ретте Серіктестік өзінің өнім берушілерінен, тапсырыс берушілерінен, консультанттардан, агенттерден және өзге де іскерлік әріптестерден осындай қарым-қатынасты күтеді.
Серіктестік қандай да бір заңсыз қызметке, оның ішінде парақорлыққа және сыбайлас жемқорлықтың басқа да көріністеріне, ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қатысы бар не ынтымақтастыққа тыйым салатын халықаралық санкцияларға ұшыраған адамдармен ынтымақтастық тәуекелін барынша азайту мақсатында контрагенттерді кешенді түрде тексереді.