❖ «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ ЕТҰ объектілерінде бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика құралдарын, технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйесін және техникалық құралдарды монтаждау, ағымдағы жөндеу, оларға техникалық қызмет көрсету және пайдалану бойынша бизнес-процесс аутсорсингі қызметтерін орындау;
❖ Қажетті дәлдік деңгейінде өндірістік процестерді өлшеу, бақылау және реттеудің барлық құралдарының үздіксіз жұмысын және дұрыс пайдаланылуын қамтамасыз ету;
❖ Өндірістің техникалық деңгейін арттыруға, еңбек өнімділігінің өсуіне, өзіндік құнның төмендеуіне, өнімнің сапасын жақсартуға және өнім шығаруды ұлғайтуға, қолайлы еңбек жағдайлары мен оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал ететін өндірістік процестерді автоматтандыру құралдарын әзірлеуді және енгізуді ұйымдастыру;
❖ Технологиялық процестерді бақылау мен басқарудың оңтайлы режиміне сәйкес кеніштің барлық өлшеу құралдарының, кеніштің электрондық құралдарының жарамдылығын қамтамасыз ету;
❖ Автоматтандыру құралдарының сенімділігі мен үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету, пайдалану ережелерінің сақталуын және оларды уақтылы жөндеуді қадағалау;
❖ Өндірістің технологиялық процестерін сақтай отырып автоматтандыру құралдарына қызмет көрсету, қайта жаңартылған және жаңғыртылған машиналарды, механизмдерді және басқа да жабдықтарды дұрыс пайдалану кезінде жабдықтарды пайдалану және жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлеуді ұйымдастыру;
❖ Автоматика құралдарының апатсыз жұмысын қамтамасыз ету;
❖ Бекітілген кестеге сәйкес алдын ала жоспарлы жұмыстарды орындау.